Новости

🇰🇿В послании Президента Республики Казахстан Токаева К.К от 2 сентября 2019 года говорится о концепции «СИЛЬНЫЕ РЕГИОНЫ-СИЛЬНАЯ СТРАНА».

View this post on Instagram

👋🏻Қайырлы күн достар! Назарларыңызға Академияның 2020-2023 жылға арналған стратегиясын ұсынуды жалғастырамыз. Бүгінгі шығарылым 3 Стратегиялық бастамаға арналады⬇️ ⠀ 🇰🇿Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында "Қуатты өңірлер-қуатты ел" тұжырымдамасы туралы айтылған. Академия Мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін қажеттіліктері мен бағыттарын анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тұрақты және өзара тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету жолымен бірыңғай филиалдық желіні дамыту арқылы Президенттің осы ктапсырмасын дамытуға өз үлесін қосады. ⠀ 📝Академия филиалдарының қызметінің негізгі басымдықтары: 1️⃣Академия филиалдарында Мемлекеттік қызметшілерді және квазимемлекеттік сектор қызметшілерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-дың, көрші елдердегі серіктестердің өңірлік қызметкерлерін оқыту беделі мен тартымдылығын арттыру. 2️⃣Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламаларын, оның ішінде нәтижеге бағдарланған тәсілді, Академияда әзірленген оқытудың қазіргі заманғы технологияларын, олардың қажеттіліктерін ескере отырып жетілдіру. 3️⃣Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, мемлекеттік қызметшілердің дағдылары мен құзыреттерін жақсарту мақсатында оқыту бағдарламаларының сапасын арттыру және тізбесін кеңейту. 4️⃣Академия филиалдары оқытушыларының мемлекеттік қызметшілер үшін тұрақты негізде көшпелі біліктілікті арттыру семинарларын өткізуі. 5️⃣Білім алушылар құрамындағы өңірлік өкілдіктің үлесін ұлғайту мақсатында өңірлерден кандидаттарды Академияға түсуге дайындау және рекрутинг. 6️⃣Академия филиалдарының 2020-2023 жылдарға арналған қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

A post shared by @ atyrau.apa.kz on