View this post on Instagram 👋🏻Қайырлы күн достар! Жаңа оқу жылы қарсаңында 2020 жылғы 25-26 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында профессорлық-оқытушылық құрам үшін бағдарлау күндері ұйымдастырылды. ⠀ 👉🏻Бағдарлау күндерінің негізгі бөлігі Академия ұжымының қатарына осы жылы алғаш рет қосылған оқытушылар құрамына арналды. ⠀ 👩🏻💻Бұл жылдың кездесулері де, алдыңғы жылдағылардан ерек, онлайн форматта өтті. Сонымен, бағдарлама аясында Академия басшылығымен танысу кездесулері өтіп, оқытушылар үшін — Академияның миссиясы, құндылықтары, құрылымы мен мүмкіндіктері туралы айтылды Соның ішінде, дәстүр бойынша, алғашқы күннен бастап академиялық адалдық пен парасаттылық мәселелеріне ерекше назар аударылды. ⠀ Академия өз қызметінде жоғары этикалық стандарттарды қамтамасыз етуге, бизнес-процестердің ашықтығын арттыруға, академиялық адалдық пен зерттеу этикасын дамытуға баса назар аударады. ⠀ ✅Сондай-ақ, бағдарлау күндері үлкен назар — Академияның ақпараттық-ресурстық орталығының мүмкіндіктеріне аударылды. Өйткені, қашықтан жұмыс істеу кезінде және онлайн оқыту барысында электронды кітапхана ресурстарының болуы өте маңызды рөлдердің бірін атқарады. ⠀ Өздеріңіз білетіндей, биыл алғаш рет Академиядағы жаңа оқу жылы онлайн форматта басталмақ. Оқу барысы LMS Canvas және Microsoft Teams ақпараттық платформасының базасында өтетін болады. Осыған байланысты бағдарлау күндері оқытушылар аталмыш жүйелердің техникалық мүмкіндіктерімен де танысып өтті. ⠀ 👏🏻Сондай-ақ, "sharing experience" форматында Академия оқытушыларының бірі LMS canvas-та силлабус әзірлеу және курсты рәсімдеу бойынша өз тәжірибесімен және идеяларымен бөлісті. ____ P.S. Құрметті оқытушылар, Академияның алдында үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Бұл мақсаттарға қол жеткізуде — Сіздердің, яғни, профессорлық-оқытушылар құрамының және Академияның білім алушыларының рөлі өте зор! ⠀ 😉🙏🏻Қазақстанның мемлекеттік аппаратын кәсібилендіруге үлес қосуға ұмтылған және Академия ұжымының мүшесі болуға ниет білдірген әрбіріңізге үлкен алғысымызды білдіреміз! Барлығын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! A post shared by @ atyrau.apa.kz on Aug 29, 2020 at 2:26pm PDT
👋🏻Қайырлы күн достар! Жаңа оқу жылы қарсаңында 2020 жылғы 25-26 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында профессорлық-оқытушылық құрам үшін бағдарлау күндері ұйымдастырылды. ⠀ 👉🏻Бағдарлау күндерінің негізгі бөлігі Академия ұжымының қатарына осы жылы алғаш рет қосылған оқытушылар құрамына арналды. ⠀ 👩🏻💻Бұл жылдың кездесулері де, алдыңғы жылдағылардан ерек, онлайн форматта өтті. Сонымен, бағдарлама аясында Академия басшылығымен танысу кездесулері өтіп, оқытушылар үшін — Академияның миссиясы, құндылықтары, құрылымы мен мүмкіндіктері туралы айтылды Соның ішінде, дәстүр бойынша, алғашқы күннен бастап академиялық адалдық пен парасаттылық мәселелеріне ерекше назар аударылды. ⠀ Академия өз қызметінде жоғары этикалық стандарттарды қамтамасыз етуге, бизнес-процестердің ашықтығын арттыруға, академиялық адалдық пен зерттеу этикасын дамытуға баса назар аударады. ⠀ ✅Сондай-ақ, бағдарлау күндері үлкен назар — Академияның ақпараттық-ресурстық орталығының мүмкіндіктеріне аударылды. Өйткені, қашықтан жұмыс істеу кезінде және онлайн оқыту барысында электронды кітапхана ресурстарының болуы өте маңызды рөлдердің бірін атқарады. ⠀ Өздеріңіз білетіндей, биыл алғаш рет Академиядағы жаңа оқу жылы онлайн форматта басталмақ. Оқу барысы LMS Canvas және Microsoft Teams ақпараттық платформасының базасында өтетін болады. Осыған байланысты бағдарлау күндері оқытушылар аталмыш жүйелердің техникалық мүмкіндіктерімен де танысып өтті. ⠀ 👏🏻Сондай-ақ, "sharing experience" форматында Академия оқытушыларының бірі LMS canvas-та силлабус әзірлеу және курсты рәсімдеу бойынша өз тәжірибесімен және идеяларымен бөлісті. ____ P.S. Құрметті оқытушылар, Академияның алдында үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Бұл мақсаттарға қол жеткізуде — Сіздердің, яғни, профессорлық-оқытушылар құрамының және Академияның білім алушыларының рөлі өте зор! ⠀ 😉🙏🏻Қазақстанның мемлекеттік аппаратын кәсібилендіруге үлес қосуға ұмтылған және Академия ұжымының мүшесі болуға ниет білдірген әрбіріңізге үлкен алғысымызды білдіреміз! Барлығын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
A post shared by @ atyrau.apa.kz on Aug 29, 2020 at 2:26pm PDT