Новости

📃Академия, осознавая социальную и образовательную роль, признает основополагающие принципы и этические ценности, принятые международным научным сообществом, лежащие в основе исследовательской и образовательной деятельности университетов мира.

View this post on Instagram

👋🏻Қайыры күн, достар! Мемлекеттік басқару Академиясына оқуға түскендер үшін қажет болатын тағы бір негізгі тақырыптардың бірі ол — "АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ЭТИКА КОДЕКСІ". 📃Академия әлеуметтік және білім берудегі рөлін сезіне отырып, Халықаралық ғылыми қоғамдастық қабылдаған, әлем университеттерінің зерттеу және білім беру қызметінің негізінде жатқан негізгі қағидаттар мен этикалық құндылықтарды негізге алады. Академиялық адалдық біреудің зияткерлік еңбегін құрметтеуде және алдау, плагиат және басқа да академиялық мінез-құлық актілері сияқты жосықсыз практикадан бас тарту кезінде көрінеді. 👉🏻Академиялық адалдық қағидаларын сақтау үшін мемлекеттік басқару Академиясы TURNITIN плагиатына арналған мәтіндік жұмыстарды тексеру жүйесін қолданады. Оны 140 елдің мыңдаған университеттері, соның ішінде Times Higher Education рейтингіндегі әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының басым көпшілігі пайдаланады. ‼️Айта кету керек, жүйеге салынған жұмыс тексеру кезінде 300 млн астам студенттік жұмысты, 130 млн астам мақалалар мен монографияларды, сондай-ақ 45 млн астам веб-беттерді қамтитын үш мәліметтер базасының мәтіндерімен салыстырылады. Turnitin мәтіндегі көшіріліп алынған мәтіндердің пайызын есептеп қана қоймай, олардың нақты көздерін де анықтауға мүмкіндік береді. 🤝Білім алушының мінез-құлық этикасы, профессорлық-оқытушылық құрам және Академияның әкімшілік-басқару персоналы арасындағы ынтымақтастық, әріптестік және өзара құрмет негізінде құрылады. Мысалы, Академияның қызметкерлері мен білім алушылары зерттеу этикасының келесі ережелерін сақтайды: ▪️кез-келген зерттеу практикалық және әлеуметтік маңызы бар сенімді мәліметтер алу үшін негізделіп, ұйымдастырылуы керек; ▪️зерттеуге қатысушыларды/респонденттерді тарта отырып, деректерді жинау қатаң түрде құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жүргізілуі тиіс; ▪️зерттеу жүргізетін әрбір қызметкер мен білім алушы зерттеуге қатысушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында алынған деректердің тиісті сақталуын қамтамасыз етуі тиіс; 🌐Білім алушылардың академиялық адалдық қағидаттарымен толығырақ www.apa.kz сайтында танысуға болады.

A post shared by @ atyrau.apa.kz on