Новости

📚Академия реализует компетентностную модель обучения магистрантов и докторантов, а также слушателей краткосрочных курсов и семинаров повышения квалификации госслужащих.

View this post on Instagram

👋🏻Қайырлы күн, достар! Сіздерді Мемлекеттік басқару Академиясының 2020-2023 жылға арналған стратегиясымен таныстыруды әрі қарай жалғастырамыз! Бүгінгі кезекте 2 Стратегиялық бастама⬇️ ⠀ 📚Академия магистранттар мен докторанттарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары мен семинарларының тыңдаушыларын оқытудың құзыретті моделін іске асырады. ⠀ 📝Академияда білім беру қызметіне жаңа тәсілдерді жандандыру үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді: ⠀ 1️⃣Жаңа білім беру технологиялары мен білім беру процесін қолдау жүйесін дамыту. Білім беру процесін жаңадан ұйымдастырудың негізгі бағыты жобалық тәсілді қолдана отырып, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану есебінен аудиторлық жүктемені одан әрі жаңғыртуды негіздейтін Академияның білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өзіндік жұмысының рөлін арттыру болмақ. Бұл Академия "Цифрлық академия" болып табылатындығымен де байланысты және ол мемлекеттік қызметкерлерді интерактивті оқыту үшін заманауи инфрақұрылым арсеналына ие. ⠀ 2️⃣Нәтижеге бағдарланған тәсілді және заманауи оқыту технологияларын қолдану. Даярлықтың барлық деңгейлерінде пәнаралық ықпалдасу қамтамасыз етілетін болады. Оқытудың барынша нәтижелілігіне қол жеткізу үшін білім алушының құзыреттілігін бағалауды енгізу және жеке сұрау бойынша нақты мемлекеттік органдар үшін корпоративтік тренингтерді ұйымдастыру ұсынылады. ⠀ 3️⃣Білім беру ортасының коуч-тұжырымдамасын құру және тарату. Академиядағы Коуч-орта дизайн-ойлауды, стратегиялық көзқарасты және трансформациялық көшбасшылық пен эмоционалды интеллект бағдарламаларын құруға бағытталған оқытудың жаңа әдістерінің арқасында қалыптасады. ⠀ 4️⃣Қазақстанның сыртқы және ішкі нарығында білім беру бағдарламаларын кеңейту және тану, ТМД елдеріне шығу. Академия тиімділігі жоғары мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың үздік саласының кепілі болуға ұмтылады. Сапаны қамтамасыз ету және кепілдік беру жүйесі сыртқы бағалауды жүргізуді көздейді. Қысқа мерзімді бағдарламалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында таяу шет елдердің мемлекеттік қызметшілеріне арналған бағдарламалар іске асырылатын болады.

A post shared by @ atyrau.apa.kz on