Новости

📚Академия ведет активную подготовку к новому учебному году с июня, используя полученный ранее опыт. Во-первых, стоит, отметить, что учебный процесс по образовательным программам магистратуры и докторантуры будет проходить на базе информационной платформы LMS Canvas и Microsoft Teams.

View this post on Instagram

👋🏻Сәлем достар! Биылғы жыл білім беру мекемелерінде үлкен өзгерістердің, бірқатар қиындықтардың орын алуына түрткі болды: құжаттарды тапсыру, оқуға қабылдау, конкурстық іріктеу, тестілеу, әңгімелесудің барлығы — онлайн форматында өткізілді. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекеттік басқару Академиясы аталған кезеңдердің барлығын сәтті әрі ойдағыдай аяқтады. ⠀ ❓Ал, енді, ең негізгі "Академиядағы ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ?",-деген сұрақтардың біріне жауап беріп өтсек⬇️ ⠀ 📚Академия маусым айынан бастап жаңа оқу жылына белсенді дайындық жүргізіп келеді. Біріншіден, магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесі LMS Canvas және Microsoft Teams ақпараттық платформасының базасында өтеді. ⠀ 👉🏻Canvas Академияның жергілікті серверлерінде орналасқандықтан, пайдаланушылардың мәліметтері толық ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі. Оқытушы мен білім алушының өзара іс-қимылы Canvas жүйесіне жүктелген кестеге сәйкес LMS Canvas жүйесінде (курс материалдары, тапсырмаларды жүктеу, бағалар қою, жүктелген тапсырмаларға түсініктемелер, сұрақ-жауаптар) өтеді. ⠀ 💻Онлайн сабақтар Microsoft Teams-те өтеді. Онлайн сабақтың форматы — өте ыңғайлы: бір рет пән атауы бойынша ортақ чат құрылады, студенттер мен оқытушылар осы чатқа кесте бойынша қосылады. ⠀ Сондай-ақ, осы оқу жылынан бастап Академия білім алушыларының құзыреттілігін бағалау- Ассессмент орталығы арқылы жүргізілетін болады. Бірінші семестр кезеңінде магистранттар мен докторанттарға бес негізгі құзыреттілік бойынша ассессменттен өту мүмкіндігі беріледі. Бағалау нәтижелері бойынша әрбір білім алушының бейіні негізінде профиль құрылады. Соған сәйкес білім беру траекториясы құрылады. Бұл білім алушының алғашқы уақыттағы құзыреттілік шеңбері мен оқу аяқталғаннан кейінгі құзыреттілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. ⠀ ✅Оқытудың міндетті компоненттерінен бөлек, Академияның білім беру бағдарламалары білім алушылар үшін қосымша мүмкіндіктер беретіндігін атап өткен жөн. Мәселен, магистранттар өздерінің оқуы аясында жобалық басқару курсынан өтуге және өз қалауы бойынша сертификаттаудан өтуге ұсыныс білдіруге мүмкіндігі бар.

A post shared by @ atyrau.apa.kz on