Новости

📣📣📣Уважаемые поступившие магистранты, докторанты!

View this post on Instagram

📣Құрметті оқуға түскен магистранттар және докторанттар! ⠀ 📚Оқу жылы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде басталады және алғашқы жеті апта (01/09/2020ж. — 17/10/2020ж. аралығында) Microsoft Teams платформасында онлайн режимінде өтеді. Алғашқы оқу күндерінде Сіздер үшін бағдар беру (таныстыру) аптасы өткізіледі. Бағдар беру аптасының бағдарламасы Академияның www.apa.kz сайтында «Білім алушыларға» бөлімінде және Академияның Facebook парақшасында жарияланады. ⠀ 📩Алда хат-хабарлар мен нұсқаулар жіберіліп отыратын apa.kz (https://mail.apa.kz/) корпоративтік электрондық поштасын пайдалану үшін осы аптада Сізге тіркеулік жазба жасалады. ⠀ 🌐Сіз оқу барысында білім беруді басқарудың үш жүйесімен жұмыс жасайсыз, олар: Canvas, Platonus және Microsoft Teams 1️⃣Сабақ кестесі мен оқу материалдары Canvas жүйесінде орналастырылады. (https://canvas.apa.kz/login/canvas); 2️⃣Platonus жүйесінде пәндерге тіркеле аласыз (http://platonus.apa.kz/); 3️⃣Онлайн сабақтар Microsoft TEAMS платформасында өтеді. ⠀ Аталған платформалардың логині, паролі мен нұсқаулықтары Сізге кейінірек apa.kz корпоративтік электронды поштаңызға жіберіледі. ⠀ ‼️Жоғарыда аталған барлық құжаттарды (3 дана шарт, банктен анықтама, жұмыс орнынан анықтама) Академияға немесе оның өңірлік филиалдарына (егер Сіз өңірде тұратын болсаңыз) 2020 жылдың 20 тамызына дейін тапсыруыңыз керек. ⠀ Дипломның түпнұсқасы және ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификат Қабылдау комиссиясының қызметкерлері тексергеннен кейін білім алушыға қайтарылады. ⠀ 👉🏻Жас мемлекеттік қызметшілерге арналған үйге орналасу мәселелері бойынша коменданттарға келесі нөмір бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз (өтініш нысаны қоса беріледі): Байбакирова Айгуль Толеубаевна, ұялы тел.: +7-702-6182393 ‼️Алғашқы 7 апта онлайн режимінде өтетінін еске саламыз. Егер Сіздің үйіңізден интернет желісі нашар ұстаса, онда біз Сізге онлайн режимінде оқуға барлық жағдай жасалған жатақханаға оқу басталғанға дейін орналасуыңызды сұраймыз. ⠀ 📍Мекен-жай: Нұр-Сұлтан қ-сы, Ақмешіт к-сі 17, А блогы, 111 кабинет.

A post shared by @ atyrau.apa.kz on