Новости

👉🏻В 2019 году руководство Академии государственного управления при Президенте РК приняло решение о разработке и внедрении системы менеджмента борьбы с взяточничеством, руководствуясь положении законодательства РК и требованиями международного стандарта ISO 37001.

View this post on Instagram

👉🏻2019 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығы ҚР заңнамасының ережелері мен ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарын басшылыққа ала отырып, парақорлықпен күрес менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу туралы шешім қабылдады. ⠀ ⬇️Осы мәселенің өзектілігін түсіне отырып, парақорлықпен күрес менеджмент жүйесінің жобасын әзірлеу және енгізу барысында Академия басшылығы мен қызметкерлерінің алдына келесі міндеттер қойылды: ▪️парақорлықпен күрес менеджментінің нәтижелі және тиімді жүйесін әзірлеу саласында қызметкерлерді оқыту және сертификаттау; ▪️академияның бизнес-процестеріндегі парақорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын анықтау, формализациялау; ⠀ 2020ж. ақпанда қызметкерлерді оқыту және сертификаттау шеңберінде персоналды және менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі аккредиттелген халықаралық органмен бірлесе отырып арнайы курс өткізілді (Pecb, Канада) ⠀ 📝Оқу курсының маңыздылығын түсіне отырып, Академия басшылығы ISO 37001 қолдану жөніндегі ережелерді мемлекеттік қызметшілерді оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістері мен оның нысандары бойынша жекелеген курстарды біріктіру туралы шешім қабылдады. ⠀ ✔️Әзірленген ұйымдастырушылық және техникалық шараларды ескере отырып, ISO 37001 негізіне алынған тәуекелге бағдарланған және технологиялық тәсілдерге сүйене отырып, академияда парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі енгізілді. ⠀ Жобаның келесі кезеңі ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкес парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің сәйкестігіне тәуелсіз талдау жүргізе алатын ұйымды таңдау болды. Парақорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінің маңыздылығына сүйене отырып, басшылық "CERT International" халықаралық аккредиттелген органында сертификаттаудан өту туралы шешім қабылдады. ⠀ ✅Осылайша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ISO 37001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес парақорлықпен күрес менеджменті жүйесін сертификаттаудан өткен ҚР-дағы алғашқы мемлекеттік ұйым болды.

A post shared by @ atyrau.apa.kz on