Жаңалықтар

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында 2020 жылғы 8 қаңтарда Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, Сенатор Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегеновпен Академия филиалының және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырылды.

View this post on Instagram

🏢 ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында 2020 жылғы 8 қаңтарда Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі, Сенатор Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегеновпен Академия филиалының және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырылды. ⠀ 🇰🇿Сенат депутаты Сәрсенбай Құрманұлы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының мемлекеттік қызметшілердің өзгермелі әлем жағдайында заман талабына сай трансформацияланып, кәсіби дамуы мен мансаптық өсуіне бағыт-бағдар берудегі қызметімен, оқыту үдерісіндегі инновациялық әдіс-тәсілдермен және озық технологиялармен жабдықталған оқу аудиторияларымен танысты. ⠀ 📚 Сонымен қатар филиал қызметкерлерінің зияткерлік және рухани дамуы бағытында жасақталған BOOKCROSSING бұрышының ерекшелігі назарға алынып, Сәрсенбай Құрманұлы мемлекеттік қызметшілер үшін трендтегі кітаптармен қатар рухани бастауларға оралуға негіз болатын философтардың еңбектерінің маңыздылығына тоқтала отырып, өз тарапынан ✅ Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегін сыйға тартты. Кездесу барысында Сенатор ҚР Парламент Сенатының 2019 жылғы қызметінің қорытындысына тоқталып, 2020 жылға жоспарланған жұмыстары мен Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар, жаңартулар туралы айтып өтті. ⠀ ✔Кездесуге қатысқан Департамент және Филиал қызметкерлері, Атырау облыстық, қалалық мәслихат депутаттары өңірдің өзекті мәселелері бойынша сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. ⠀ 📝 Кездесу соңында филиал директоры Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы Сенатор Сәрсенбай Құрманұлына Академия филиалының жоспар-кестесіне сай ұйымдастырылатын курстар мен біліктілік арттыру семинарларында қонақ дәріс өткізуге ұсыныс білдірді. ⠀ #apakz #atyraufilial #akademia

A post shared by @ atyrau.apa.kz on