View this post on Instagram ❗️ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ МАГИСТРАННТАР МЕН ДОКТОРАНТТАР! Биылғы жылы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан 10 шілдесіне дейін жүзеге асырылады. ⠀ 🌎Қазіргі уақытта қазақстандық үміткерлермен қатар, шетелдік үміткерлер контингентін сапалы түрде қалыптастыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. ⠀ 👉🏻Қабылдау комиссиясының жүргізген қорытындысы бойынша өткен жылғы үміткерлердің жартысынан астамы іріктеудің бірінші кезеңінде, яғни, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау кезеңінде тиісті баллды жинай алмағандығы анықталған. ⠀ Осы жағдайды ескере отырып, биылғы жылы Академия ағылшын тіліне қойылатын талаптарды жеңілдету мақсатында, магистратурадағы оқу бағдарламаларына ағылшын тілінен өту баллдарын 4,5-тен 4.0-ге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. ⠀ 📚Сондай-ақ, Академияның және оның филиалдарының базасында Академияға оқуға түсуге ниет білдірген барлық мемлекеттік қызметшілер үшін өтеусіз негізде дайындық курстары (pre-sessional) енгізілген болатын. Дайындық курстарында үміткерлер ағылшын тілінен қосымша білім алып (екі деңгей), Академиялық хат жазу дағдылары бойынша машықтанды. ⠀ Бұдан бөлек, ағымдағы жылы ағылшын тілінен жеткілікті балл жинай алмаған үміткерлерге тестті тағы бір рет, бір ай ішінде тапсыру мүмкіндігі берілді. ⠀ 📆Өздеріңіз білетіндей, бұл жылы APTIS тестін тапсыру — 26 маусым мен 17 шілдеге жоспарланып отыр. Сонымен қатар, елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын онлайн тестілеуді Duolingo платформасында тапсыруға мүмкіндік беріп отырмыз. Онлайн тестілеуге қатысты толық ақпаратты келесі посттарда жариялайтын боламыз! ⠀ ✅Биыл Академия оқуға түскісі келетін барша мемлекеттік қызметкерлер үшін орасан мүмкіндіктер беріп отыр. Сол себепті, мүмкіндікті уақытында пайдаланып, күш-жігерді дұрыс бағытта жұмсау, әрине, оқуға тапсыратын әр үміткердің қолында! Жалғасы⤵️⤵️⤵️ A post shared by @ atyrau.apa.kz on Jun 8, 2020 at 8:52pm PDT
❗️ҚҰРМЕТТІ БОЛАШАҚ МАГИСТРАННТАР МЕН ДОКТОРАНТТАР! Биылғы жылы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан 10 шілдесіне дейін жүзеге асырылады. ⠀ 🌎Қазіргі уақытта қазақстандық үміткерлермен қатар, шетелдік үміткерлер контингентін сапалы түрде қалыптастыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. ⠀ 👉🏻Қабылдау комиссиясының жүргізген қорытындысы бойынша өткен жылғы үміткерлердің жартысынан астамы іріктеудің бірінші кезеңінде, яғни, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау кезеңінде тиісті баллды жинай алмағандығы анықталған. ⠀ Осы жағдайды ескере отырып, биылғы жылы Академия ағылшын тіліне қойылатын талаптарды жеңілдету мақсатында, магистратурадағы оқу бағдарламаларына ағылшын тілінен өту баллдарын 4,5-тен 4.0-ге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. ⠀ 📚Сондай-ақ, Академияның және оның филиалдарының базасында Академияға оқуға түсуге ниет білдірген барлық мемлекеттік қызметшілер үшін өтеусіз негізде дайындық курстары (pre-sessional) енгізілген болатын. Дайындық курстарында үміткерлер ағылшын тілінен қосымша білім алып (екі деңгей), Академиялық хат жазу дағдылары бойынша машықтанды. ⠀ Бұдан бөлек, ағымдағы жылы ағылшын тілінен жеткілікті балл жинай алмаған үміткерлерге тестті тағы бір рет, бір ай ішінде тапсыру мүмкіндігі берілді. ⠀ 📆Өздеріңіз білетіндей, бұл жылы APTIS тестін тапсыру — 26 маусым мен 17 шілдеге жоспарланып отыр. Сонымен қатар, елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын онлайн тестілеуді Duolingo платформасында тапсыруға мүмкіндік беріп отырмыз. Онлайн тестілеуге қатысты толық ақпаратты келесі посттарда жариялайтын боламыз! ⠀ ✅Биыл Академия оқуға түскісі келетін барша мемлекеттік қызметкерлер үшін орасан мүмкіндіктер беріп отыр. Сол себепті, мүмкіндікті уақытында пайдаланып, күш-жігерді дұрыс бағытта жұмсау, әрине, оқуға тапсыратын әр үміткердің қолында! Жалғасы⤵️⤵️⤵️
A post shared by @ atyrau.apa.kz on Jun 8, 2020 at 8:52pm PDT