View this post on Instagram 🤝Біз біргеміз: әріптестік тәжірибе алмасу ⠀ 🏢Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалдары – Атырау өңірінде қонақта ⠀ 🇰🇿Қазақстанда соңғы жылдары мемлекет тарапынан ерекше қажеттіліктері бар жандардың шығармашылық және өнімді мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамытуға және қоғамның тең құқылы мүшесі болуларына қолдау білдіріп келеді. Бұл ретте осындай ерекше тұлғалармен қарым-қатынас жасау барысында әрқайсымыздың ескере жүрер жайттарымыз бар. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің де ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың сұраныстары мен ұсыныстарын тыңдап, қолдау етер кездерде психологиялық дайындығы, стресске төзімділігі, тиімді коммуникациялық ахуал қалыптастыру тәрізді білік-дағдылары тиісті дәрежеде қалыптасуы тиіс. ⠀ Атырау облысы бойынша филиалында өткен «Инклюзивті қоғам. Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттестік» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинарында жоғарыда айтылған мәселелер кеңінен қамтылды. Мемлекеттік қызметшілер үшін әр дәріс пен әрбір дәріскердің бөліскен ақапараттарының маңызы зор болы. ⠀ 📖Солардың ішінде тыңдаушылардың көңіліне ерекше жылылық сыйлап, ішкі эмоцияларымен, өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік берген әріптесіміз, Шығыс Қазақстан облысы филиалының аға оқытушысы Берекполова Гульфия Октябрьқызы мемлекеттік қызметшілерді түрлі психологиялық әдіс түрлерімен таныстыра отырып, кәсіби тұрғыдан бағдар берді. Ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз етуде ым-ишараның, қолданыстағы әрбір сөзіміздің мағынасына мән беру қажеттілігіне тоқталды. Бейнероликтер арқылы ішкі жігерді қайрау, бір-бірімізге деген қолдау, қамқорлық білдіру мәселелері талқыланды. Кәсіби психолог ретінде Гульфия Октябрьқызының әр мемлекеттік қызметшіге деген жеке талдауы мен кеңестері де тыңдаушылар үшін маңызды болды. ⠀ 💬Атырау облысы бойынша филиал ұжымы әріптесіміз Гульфия Октябрьқызына шығармашылық табыстар тілейді. #apakz #atyraufilial @Филиал Академии госуправления при Президенте РК по Атырауской области A post shared by @ atyrau.apa.kz on Jun 20, 2020 at 8:56am PDT
🤝Біз біргеміз: әріптестік тәжірибе алмасу ⠀ 🏢Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалдары – Атырау өңірінде қонақта ⠀ 🇰🇿Қазақстанда соңғы жылдары мемлекет тарапынан ерекше қажеттіліктері бар жандардың шығармашылық және өнімді мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамытуға және қоғамның тең құқылы мүшесі болуларына қолдау білдіріп келеді. Бұл ретте осындай ерекше тұлғалармен қарым-қатынас жасау барысында әрқайсымыздың ескере жүрер жайттарымыз бар. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің де ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың сұраныстары мен ұсыныстарын тыңдап, қолдау етер кездерде психологиялық дайындығы, стресске төзімділігі, тиімді коммуникациялық ахуал қалыптастыру тәрізді білік-дағдылары тиісті дәрежеде қалыптасуы тиіс. ⠀ Атырау облысы бойынша филиалында өткен «Инклюзивті қоғам. Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттестік» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинарында жоғарыда айтылған мәселелер кеңінен қамтылды. Мемлекеттік қызметшілер үшін әр дәріс пен әрбір дәріскердің бөліскен ақапараттарының маңызы зор болы. ⠀ 📖Солардың ішінде тыңдаушылардың көңіліне ерекше жылылық сыйлап, ішкі эмоцияларымен, өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік берген әріптесіміз, Шығыс Қазақстан облысы филиалының аға оқытушысы Берекполова Гульфия Октябрьқызы мемлекеттік қызметшілерді түрлі психологиялық әдіс түрлерімен таныстыра отырып, кәсіби тұрғыдан бағдар берді. Ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз етуде ым-ишараның, қолданыстағы әрбір сөзіміздің мағынасына мән беру қажеттілігіне тоқталды. Бейнероликтер арқылы ішкі жігерді қайрау, бір-бірімізге деген қолдау, қамқорлық білдіру мәселелері талқыланды. Кәсіби психолог ретінде Гульфия Октябрьқызының әр мемлекеттік қызметшіге деген жеке талдауы мен кеңестері де тыңдаушылар үшін маңызды болды. ⠀ 💬Атырау облысы бойынша филиал ұжымы әріптесіміз Гульфия Октябрьқызына шығармашылық табыстар тілейді. #apakz #atyraufilial @Филиал Академии госуправления при Президенте РК по Атырауской области
A post shared by @ atyrau.apa.kz on Jun 20, 2020 at 8:56am PDT