Жаңалықтар

🇰🇿Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

View this post on Instagram

🇰🇿Құрметті мемлекеттік қызметшілер! ⠀ 🎉Сіздерді мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!👏 Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Өйткені, мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Баршаға белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын. Бұл шараның халықаралық аренада мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге оң ықпал еткені ақиқат. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күні деп жариялап, арнайы Жарлыққа қол қойды. Халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады. «Басты міндет – елге қызмет!» деген мазмұны терең, міндеті жауапты сөзді еске сала отырып, әріптестеріміздің мемлекеттік қызметші деген абыройлы атаққа үнемі лайықты болуларына тілектеспіз. Сіздердің игілікті қызмет жолындағы жемісті еңбектеріңізге сарқылмас күш-қуат, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болғай! ⠀ Құрметпен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы. #apakz

A post shared by @ atyrau.apa.kz on