Жаңалықтар

⁉️⁉️Академияға оқуға тапсырған үміткерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың бірі «КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДЕ БАҒАЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?»

View this post on Instagram

⁉️⁉️Академияға оқуға тапсырған үміткерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақтардың бірі "КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУДЕ БАҒАЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?" ⠀ 🟥Конкурстық іріктеу кезеңінде бағалау екі түрде жүреді: ⠀ 1️⃣ҮМІТКЕРДІҢ ЖАЗБАША ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ. ☑️Әр жазбаша жұмыс жеке дара шифрмен таңбаланатындықтан, сарапшылар үшін үміткерге қатысты ақпараттың барлығы қолжетімсіз болады. Демек, үміткер өзінің жұмысын кім бағалағанын, ал, сарапшы қай үміткердің жазбаша жұмысын бағалап жатқанын білмейді. Мұндай шарт әр жұмысты объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. ⠀ ☑️Үміткерлердің жазбаша жұмыстары әр сарапшыға рандомды түрде үйлестірілетіндіктен, сарапшылар үміткердің жұмысына қатысты өзара пікір алыса алмайды. Бір жазбаша жұмысты кем дегенде 2-3 сарапшы бағалайды. Сарапшылар қойған бағалау нәтижесінің орташа бағамы бірден үміткердің жеке кабинетінде пайда болады. ⠀ 2️⃣СҰХБАТТАСУ. ☑️Конкурстық іріктеудің бұл кезеңі де apa.talantiz.kz порталында жүргізіледі. Мұндағы комиссия мүшелері мемлекеттік орган, квазимемлекеттік орган қызметкерлерінен жасақталған. Әңгімелесуге берілген 20 минут ішінде комиссия мүшелері үміткерге берілген кейс негізінде үш тілде сұрақ қояды. Әңгімелесу уақыты аяқталған соң, бірден 10 минут ішінде үміткердің жеке кабинетінде бағалау нәтижесі белгілі болады. ⠀ ☑️Бұл кезеңде де комиссия мүшелері өзара ақылдасып, пікір алыса алмайды. Бағалауға берілген 10 минут ішінде әр сарапшы үміткерге қойған бағасын apa.talantiz.kz сайты арқылы белгілеп шығуы қажет болады. Әр бағалау объективті сипатқа ие болу үшін, комиссия мүшелері үміткерді белгіленген құзыреттілік бойынша ғана бағалай алады. Демек, қойылған әрбір бағаның өз түсініктемесі болады. ⠀ ‼️Аталған процестің барлығы ашық порталда жүргізілетіндіктен, барлық кезең аудио, видео жазбаға жазылады. ⠀ 😉Конкурс нәтижесін үміткерлер 7 тамыз күні кабинетінен көре алады. СӘТТІЛІК! 🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽🔽

A post shared by @ atyrau.apa.kz on