Жаңалықтар

👋🏻Қайырлы күн, @apa.kz оқырмандары! Өздеріңіз білетіндей, жазу дағдылары мектеп қабырғасынан бастап үйретіледі.

View this post on Instagram

👋🏻Қайырлы күн, @apa.kz оқырмандары! Өздеріңіз білетіндей, жазу дағдылары мектеп қабырғасынан бастап үйретіледі. Мектептің міндеті – бастауыш сыныпта ауызекі сөйлеу стилінің, орта сыныптарда көркем-әдеби стильдің, жоғары сыныптарда публицистикалық, ғылыми, ресми стильдердің жазылымдарын игерту. ⠀ Үйретілген жазылым біліктіліктері кәсіби оқу орындары мен жоғары оқу орындарында шыңдалуы тиіс. Алайда жоғары білімді адамдардың қазақ тілінде аргументті (дәлелді) сөйлем құрастыра алмауы, кез келген мәселені жалпылама сипаттауы өзекті мәселенің бірі болып табылады. ⠀ 🖍Ресми жазылым курсы қазақ тілінің сөйлемдерін түсіну, тыңдаушының сөйлем құрастыру дағдысын қалыптастырудан басталады. Орыс тілді ересек аудиторияны ең алдымен "атау…әрекет" моделіне жаттықтыру жұмыстарын жүргізу тиімді. Ресми стильдің сөйлемдерінде атау бірнеше сөзден тұруы мүмкін. ⠀ 👉🏻Мысалы, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы…бастады". "Атау➡️әрекет" моделіне жаттыққаннан кейін, тілге үйренушілер сұрақтар арқылы аргументті сөйлем құрастыру жолдарын игереді. "Бастады…" нені? қашан? қандай мақсатпен? қалай? т.б. ⠀ 📝Аталған жұмыстарды игергеннен кейін мәтін құрастыру жұмыстары басталады. Мемлекеттік қызмет пен бизнестің қызметтік хаттары мен жазбалары 5 сөйлемнен тұрады. Жазба-хатқа кіріспе (1 сөйлем), хатта-жазбада көтерілетін мәселені ашу (2-4 сөйлем), хат-жазбаны қорытындылау. ⠀ ✔️Дәлелді сөйлемдерді құру дағдылары қалыптасқан ересек тыңдаушы еркін түрде 5 сөйлемдік мәтін құрастыруды игереді. Тыңдаушылардың мәтін сөйлемдерінің бір-бірімен байланысты болу дағдылары қалыптастырылады: 1-сөйлемде (кіріспе) хат-жазба тақырыбының өзектілігі көрсетіледі, 2-сөйлемде 1-сөйлемдегі тірек сөз (аргумент) бойынша ой жалғасады, 3-сөйлемде 2-сөйлемдегі тірек сөз бойынша ой жалғасады (аргумент), 4-сөйлемде 3-сөйлемдегі тірек сөз бойынша ой жалғасын тауып (аргумент), 5-сөйлемде 2-4-сөйлемдерден қорытынды сөйлем шығарылады.

A post shared by @ atyrau.apa.kz on