Жаңалықтар

👋🏻Қайырлы күн, @apa.kz оқырмандары! Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының білім беру органдарында қазақ тілі балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін оқытылады, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілген, ал жоғары оқу орнынан кейінгі тілді кәсіби саланың бағытына бейімдеп оқыту нормативті-құқықтық тұрғыдан қарастырылмаған.

View this post on Instagram

👋🏻Қайырлы күн, @apa.kz оқырмандары! Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының білім беру органдарында қазақ тілі балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін оқытылады, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілген, ал жоғары оқу орнынан кейінгі тілді кәсіби саланың бағытына бейімдеп оқыту нормативті-құқықтық тұрғыдан қарастырылмаған. ⠀ 📑Академия жоғары оқу орнынан кейін білім беретін оқу орны болғандықтан, мемлекеттік тілді оқытуға деген қажеттілікті ескеріп, жұмыс бағдарламаларына 2006 жылдан Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен «Ресми-іскерлік қазақ тілі», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Сөз мәдениеті және шешендік өнер» сияқты пәндерді енгізді. Бұл пәндерді жүргізу барысында қазақ тілінің ресми-іскерлік стилімен хат-жазбалар, аналитикалық талдаулар, сараптамалық қорытындылар, баяндамалар жазуды үйрету, Үкімет отырыстарында, БАҚ құралдары арқылы жасалған баяндамаларды тыңдау, өзекті мәселелерді сараптай, талдай білу дағдылары игертілді. ⠀ 📝2020 жылы Академия ректоры Ерлан Әбілдің басшылығымен жинақталған тілдік тәжірибе жүйеленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытудың тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамадағы оқыту жүйесі – ЖОО-дан кейінгі білім беруде қолданылатын қазақ тілінің деңгейлерінің сипаттамасы, Академияда мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытуды ұйымдастыру бөлімдерінен тұрады. ⠀ ⬇️Академияда мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту жүйесі төмендегідей: ▶️В1 (анықтау деңгейі) ЖОО-да игерген тілдік білімді анықтау (докт., магистр.) ▶️В2 (оқыту деңгейі) Академиялық жазылым және көпшілік алдында сөйлеу ▶️С1 (қайта даярлау деңгейі) Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде кәсіби жазу, сөйлеу дағдылары ▶️С2 (біліктілікті арттыру деңгейі). Мемлекеттік қызметшілердің жазылым коммуникациясы, шешен сөйлеуі ⠀ 📞Құрметті оқырман! Егер сіз Қазақ тілінің В1-В2; С1-С2 деңгейлерін меңгергіңіз келсе, Академияның курстарына жазыла аласыз: +7 7172 75 32 70 +7 7172 75 31 50 +7 (701) 272-06-78 ⠀ 🌐Қосымша ақпаратты www.apa.kz сайтындағы КӘСІБИ ДАМЫТУ➡️ТІЛДІК КУРСТАР бөлімінен көруге болады ⠀ #resmiqaztest

A post shared by @ atyrau.apa.kz on