Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы «Мемлекеттік сатып алуды қолдану тәжірибесі» тақырыбындағы көшпелі семинар тыңдаушыларына Академияға 2022 жылы магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу мәселелері бойынша ақпараттық сессия өткізді.

Шара барысында Назерке Ғалымжанқызы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2022 жылға арналған Академияның оқуға қабылдау ережелерін түсіндіріп, Академиядағы оқудың артықшылықтары туралы айтып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Академияға түсу үшін құжаттарды қабылдау 1 наурыздан басталып, 2022 жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады. Құжаттар Академияның www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттарды жүктей отырып, онлайн форматта қабылданады.