Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында дәстүрлі ұйымдастырылып келе жатқан Development Day бүгін «Парасаты биік тұлғалар» тақырыбында өткізілді.
Филиалдың аға оқытушысы Молдабеков Еркебұлан Байғалиұлының жетекшілігімен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсының тыңдаушылары және филиал ұжымының қатысуымен ұйымдастырылған танымдық шараның мақсаты – «Парасаты биік тұлғаларды» кеңінен насихаттау және кәсіби тұрғыдан білім көкжиегін кеңейту, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Алғашқы сөз кезегі филиал директоры Азамат Әбділқаилұлы Бекішке беріліп, ол өз сөзінде қазақтың ұлт болып ұйысу, мемлекет болып қалыптасу жолында алаш аманатын арқалап, ерен еңбектерімен танылған тұлғаларға тоқталып өтті.
Келесі кезекте Исатай ауданы әкімінің кеңесшісі Ренат Набидоллаұлы Атырау өңірінің парасатты тұлғалары туралы ой қозғап, парасаттылық сана сезімі қазіргі таңдағы өскелең ұрпақпен бірге барлық адамзаттың бойында міндетті қолданылатын қасиеттердің бірі болуы керек екендігі туралы өз пікірін білдірді.Шара курс тыңдаушылары Дарын Ілиясұлының орындауындағы «Сәйгүлік, Биіктік», Гүлдана Исламғалиқызының орындауындағы Ғарифолла Құрманғалиевтың «Сәлем Қазақстан!» әндерімен және Гулжанат Балмуханқызының Мұқағали Мақатаевтың «Ана, сен бақыттысың» өлеңін оқуымен жалғасты.