Жаңалықтар

АКАДЕМИЯНЫҢ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгінгі Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай филиал директоры Азамат Әбілқаилұлы  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетовке  мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосып жатқаны үшін алғыс хатпен марапаттап, сонымен қатар департамент қызметкерлеріне құттықтау қағаздары табысталды.
Жиын барысында филиал директоры мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесімен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс, еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы істері жемісті болсын деп, үлкен жауапкершілікті қажет ететін қызметте еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметшілердің еңбегі зор екенін атап өтті.