Жаңалықтар

ЫНТЫМАҚ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Бүгін, филиалдың ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерге арналған «ЫНТЫМАҚ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Қатысушылармен белсене жұмыс жасаған отбасылық психолог Сұлтанова Ғайни Төкенқызы.
 
Семинардың мақсаты – қатысушылардың өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті дамытуға, сондай-ақ шиеленіскен шектеулі жағдайларда психологиялық тұрғыдан ұтқыр болу қабілетін шыңдау.
 
Іс – шара барысында тәжірибелі психолог маман адамның ойы мен эмоциясын, ішкі сезімдері арқылы дұрыс жұмыс істеу мақсатында психологиялық терапия өткізді.
 
Әр тыңдаушы қуанышты көңіл – күймен аяқтап, психолог маманның көрсеткен практикалық көмегіне алғыстарын жеткізді.