Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облыстық филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының соңғы кезеңі өтті.
Бұл кезеңде қатысушылар дайындаған жобалық жұмыстарын ұсынды. Әр жобада күрделі мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.
Жоба соңында қатысушылар осы күнге дейінгі алған білім мен дағдыларын сараптау мақсатында кешенді тестілеуден өтті.