Ағымдағы жылдың 14 қазанында Атырау облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметін жетілдіру» тақырыбында форум өтті.
Форумда облыстағы комплаенс қызметінің озық тәжірибелері айтылды.
Комплаенс бағдарламасын енгізудегі басты мақсат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Айта кету керек, бүгінгі таңда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – өзінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ISO 37001 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудиттен өткен елдегі алғашқы мемлекеттік ұйым.
Комплаенс-офицерлерді оқыту модульдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша ұйымдарды сертификаттау процесі іске қосылған болатын.
Бүгінгі күнге дейінде Академия және облыстық филиалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс ISO 37001 халықаралық стандарты тақырыбында жалпы сыбайлас жемқорлық жөнінде бірнеше біліктілік арттыру семинарларын өткізіп келеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ және «Атырау облысы Мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасы» ММ облыста алғаш рет «ISO 37001: 2016 Халықаралық стандарт талаптарына сәйкес парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесін» енгізуді сүйемелдеу бойынша жұмыстарын бастаған болатын.
ISO 37001 стандарты ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі. Бұл жоба қазіргі таңда мемлекеттік ұйымдар тарапынан қолдау тауып отыр және алдағы уақытта жалғасын тауып, бірнеше
жұмыстар атқарылатын болады.