Жаңалықтар

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін филиалда ағымдағы жылдың 06 – 24 ақпан аралығында өткізілетін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау курсы басталды.
 
Курстың мақсаты – мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту болып табылады.
 
Курс барысында тыңдаушыларға мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері, стратегиялық жоспарлау, жобалық басқару негіздері, қызметті басқару және шешімдерді қабылдау, латын графикасы негізіндегі ресми жазылым, сонымен қатар өңірлік компонент пәндерінің мәселелері қарастырылады.
 
Алғашқы дәрісті филиал профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы «Тиімді коммуникация дағдылары» тақырыбымен бастады.