29 мамыр мен 02 маусым аралығындағы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.
Дәрісті Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары, экономика магистрі, IV деңгей бойынша сертификатталған «Тренер кеңесші» Ғазизова Лаура Бауыржанқызы өткізетін болады.
Семинар барысында:
Мемлекеттік секторға жобалық менеджментті енгізу
Халықаралық тәжірибе. Жобаларды басқару стандарттары
ҚР ISO 21500-2014 ұлттық стандарты
Жобаларды басқару деңгейлері: жоба, бағдарлама портфель
Адамдар және процестер. Жобалық менеджердің құзіреттері сияқты тақырыпшалар қамтылады.
Сертификаттау емтиханында қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!