Жаңалықтар

Дәріс беруге оқытушыларға конкурс өтті

Бүгін  Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында  2023 жылға арналған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары мен олардың біліктілігін арттыру семинарлары бойынша дәріс беруге оқытушыларға конкурс өтті. 

Конкурсқа қатысушылар Стратегиялық менеджмент, Эмоционалды интеллект және көшбасшылық, HR менеджмент, Жобалық менеджмент, Көпшілік алдында сөйлеу және БАҚ-пен өзара қатынас  және т.б тақырыптарда презентация қорғап, өз ұсыныстарын айтып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.