Жаңалықтар

«Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Академияның Атырау облысы бойынша филиалында 19-23 ақпан аралығында «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинар барысында тыңдаушылар мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын басқарып, қызмет тұтынушылардың қанағаттану деңгейін анықтап, тәжірибелік кейстерді талдады.
Семинар тыңдаушыларына дәріс оқыған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Абсиметов Арман Болатұлы семинарға қатысты пікірін білдіріп, Академияны мерейтойымен құттықтады.