Жаңалықтар

ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ «БІР ДЕРЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚОНАҚТА

Филиал директоры Еркебұлан Серікұлы Атырау радиосының «Бір дерек» бағдарламасында қонақта болып, Академияға оқуға түсу ережелері мен Филиалдың атқарып жатырған жұмыстары бойынша сұхбат берді.

Сондай-ақ, оқуға қабылдау ережесіне енгізілген өзгерістерге де тоқталды.

«Халықаралық қатынастар», «Мемлекеттік саясат» және «Экономика» екі жылдық бағдарламалары бойынша оқу мерзімі екі жылдан бір жарым жылға дейін қысқартылды. Биыл Қабылдау науқанының жалпы мерзімі 20 күнге қысқартылды. Магистратура бағдарламалары үшін сұхбат кезеңін бағалаудың үлес салмағы 70%-ға дейін және докторантура үшін 50%-ға дейін көтерілді. Тағы да айта кетерлік жайт, биылдан бастап «Мемлекеттік басқару» бағдарламасына құқық қорғау органдарынан және арнайы мемлекеттік органдардан да үміткерлерді қабылдаймыз», – деп атап өтті Еркебұлан Серікұлы.

Еске сала кетейік, Академияға оқуға түсу үшін құжаттар 01 сәуір мен 26 маусым аралығында қабылданады.

Іріктеудің алғашқы кезеңі – Аналитикалық эссе жазу 29 маусымда нақты уақыт режимінде өтеді.

Қорытынды кезең – Сұхбат – 1-20 шілде аралығында Академия қабырғасында офлайн форматта өтеді.

Толық ақпаратпен www.apa.kz сайтында танысуға болады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Еркебұлан Ғабдығапаров (@erkebulan.gabdygaparov)