Жаңалықтар

ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚ

13 тамыз күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалында Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы және Академияның Электоралдық оқыту орталығының басшысы Жанар Каликанқызы Буканова Академия түлектерімен, болашақ тыңдаушылармен және оқуға түсуге ниетті мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – Академияның білім беру үдерісі шеңберінде білім алушылар үшін тәжірибе алмасу, перспективалар мен мүмкіндіктерді талқылау.

Кездесу барысында өңірде кадр резервін қалаптастыру, қызметкерлердің құзыреттілігін жетілдіру, олардың болашақ мансаптарына және өңірдегі жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қатысты өзекті мәселелер айтылды.

Аталған кездесуде Нұрлыбек Жеңісбекұлы Академия түлектерінің Атырау облысының дамуында маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етіп, түрлі салаларға жаңа идеялар мен тәсілдерді енгізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Жанар Каликанқызы Академия тыңдаушыларына қолдау білдіріп, менеджерлер мен трансформациялық көшбасшылардың айырмашылығына тоқталып өтті.

Өз кезегінде, түлектер кәсіби өсуге қатысты ұсыныстарымен бөлісті. Еңбек нарығына бейімделу бойынша мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында Нұрлыбек Жеңісбекұлы түлектердің өңірдің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдіріп, болашақ тыңдаушыларға оқу мен мансапта табыс тіледі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Еркебұлан Ғабдығапаров (@erkebulan.gabdygaparov)