2024 жылдың 17 қазанында Академияның Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен курс тыңдаушылары Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. ЖШС (Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.) компаниясына танымдық сапар жасады. Бұл іс-шараның басты мақсаты – тыңдаушыларды Қазақстандағы мұнай-химия өнеркәсібінің жетекші жобаларының бірімен таныстыру.
Тыңдаушылар Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. компаниясының өндірістік процестері мен қызметімен толық танысты. Оларға зауыттағы өндіріс процесінің қауіпсіздігі, жұмысшыларды қорғау жүйесі, көлік және өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, компанияның стратегиялық маңызы мен оның мұнай-химия саласындағы рөлі егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Академия магистранты, “Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” Жоба директоры Кулназаров Ерназар Жалғасбайұлы тыңдаушыларға компания туралы толық мәлімет беріп, өндірістегі өзекті мәселелер мен компанияның болашаққа арналған жоспарларын бөлісті. Тыңдаушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Бұл іс-шара мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға, өндірістік процестерді тереңірек түсінуге және мұнай-химия саласындағы тәжірибені арттыруға зор мүмкіндік берді.
“KPI Inc.” Жоба директоры Кулназаров Ерназар Жалгасбайұлына және Қазақстан Петрокемикал Индастриз Инк. компаниясына ұйымдастырылған танымдық сапар үшін алғысымызды білдіреміз.