20 ақпан күні Даму күні аясында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жоламанов Әбіл Тауфикұлымен кездесу өтті. Іс-шараға семинар тыңдаушылары мен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Жоламанов Әбіл Тауфикұлы мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, мәдениетті дамытуда кездесетін негізгі сын-қатерлер мен оларды еңсеру жолдары туралы баяндады.
Кездесуде мәдениет саласын басқарудың маңызды аспектілері қарастырылып, саладағы негізгі бағыттар сөз болды. Театр өнерін қолдау, кітап оқу мәдениетін дамыту және мұражайлардың қоғамдағы орнын нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Филиал директоры Еркебұлан Серікұлы іс-шараның маңыздылығына тоқталып: «Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына ықпал ету – біздің басты міндетіміз. Осындай кездесулер тәжірибе алмасуға және жаңа идеялар қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді алаң болып табылады»– деп атап өтті.
Бұл кездесу мемлекеттік қызметшілерге мәдениет саласын басқарудың жаңа қырларын тереңірек түсінуге, кәсіби бағыт-бағдар алуға және тәжірибелік білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.