Жаңалықтар

КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

18 ақпан күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалының курс тыңдаушылары Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменттің қызметімен танысты.

Шара барысында тыңдаушылар дыбыс сигналы, 112 қызметі, 101 бөлімінің өртке шығу процесі, «Көмек» программасы, жедел штаб және Дағдарыс орталығының жұмысымен жан-жақты танысты.

Қызметкерлер өздерінің күнделікті жұмысы, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, техникалық мүмкіндіктері туралы айтып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Бұл іс-шара мемлекеттік қызметшілердің төтенше жағдайлар саласындағы тәжірибесін арттыруға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттерді түсінуге мүмкіндік берді.