Жаңалықтар

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

2025 жылғы 3-21 ақпан аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы өткізілді.

Курстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін құзыреттерді дамыту, кәсіби өзара әрекеттесуді құру және ұжымдық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік беретін әріптестермен бірге даму.

 Тыңдаушылар курс барысында Soft skills пәндері мен практикалық сессиялар арқылы өздерінің кәсіби және жеке қабілеттерін жетілдірді. Оқыту барысында бастамашылдық пен жауапкершілік, витальді және эмоционалды интеллект, сондай-ақ «E-Otinish. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс» сияқты маңызды бағыттар қамтылды.

Курстың қорытынды кезеңінде қатысушылар ойлау дизайны және адамдарға бағдарлану процесінде меңгерген білімдерін жинақтап, қорытынды презентациялар ұсынды. Комиссия құрамында Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ермекқали Әлібек Серікқалиұлы, Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Аманшиева Света Ертілеуқызы және Филиал директоры Ғабдығапаров Еркебұлан Серікұлы болып, қатысушылардың жобаларын бағалап, өз пікірлері мен ұсынымдарын білдірді.