24-28 ақпан аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – адамдарға бағдарланған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша тәжірибелік дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту. Бағдарлама шеңберінде қатысушылар мемлекеттік қызметтер көрсетуді реттейтін нормативтік-құқықтық базамен танысып, олардың негізгі қағидаттарын меңгерді.
Сонымен қатар, семинар барысында мемлекеттік қызметтер саласындағы электрондық сервистер мен онлайн-платформаларға ерекше назар аударылды. Қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесі, қызмет көрсету барысында этикалық стандарттар талаптарын сақтау мәселелері бойынша білімдерін тереңдетті.
Аталған семинар интерактивті форматта ұйымдастырылып, теориялық материалдар практикалық тапсырмалармен толықтырылды. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер өзара тәжірибе алмасып, нақты жұмыс жағдайларында тиімді шешімдер қабылдауға бағытталған жаттығулар орындады.
ЕҢ АЛДЫМЕН – АДАМДАР: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
