Әкімшілік және азаматтық сот істерін жүргізуге қатысу ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында 3-7 наурыз аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік және азаматтық сот істерін жүргізуге қатысу ерекшелігі» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Бағдарлама барысында қатысушылар:
✅ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін талқылады;
✅ Әкімшілік органдардың әкімшілік рәсімдерін жүргізу тәртібімен танысты;
✅ Әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін меңгерді.
Қатысушылар әкімшілік қалау түсінігі мен оның практикада жүзеге асырылуын, шағымдарды қарау тәртібі, әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттары, сот шешімдерін даулау негіздері мен тәртібін жан-жақты қарастырды.
Семинардың тағы бір маңызды бағыты – заңи тұрғыда сауатты сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ресми стильде құжаттар әзірлеу, қазақ тілінің орфографиялық, грамматикалық ережелеріне сәйкес жазу дағдыларын жетілдіру болды.