11-13 наурыз аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік қызметтегі әдеп және кәсібилік: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, «Адал азамат» бағдарламасының негізгі қағидаттары таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен шектеулер жан-жақты қарастырылды.
Нәтижесінде, қатысушылар мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын терең меңгеріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді әрекет етудің нақты әдістерін үйренді. Этика мен кәсібилікті дамытуға бағытталған практикалық дағдыларды шыңдады.