2025 жылдың 26 ақпан – 14 наурыз аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалы мен Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы бірлесіп, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарын ұйымдастырды.
Семинардың негізгі мақсаты – бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау үдерісін ұйымдастыру бойынша білімді өзектендіру және комиссия мүшелерінің құзыреттерін жетілдіру.
Семинар барысында талқыланған мәселелер:
? Учаскелік сайлау комиссиясының өкілеттіктері мен комиссия мүшесінің мәртебесі;
? Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері;
? Карточкалық сызбалар бойынша жұмыс;
? Сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;
? Дауыс санау және құжаттармен жұмыс істеу дағдылары.
Семинарға қатысушылар сайлау процесінің барлық кезеңдерін жан-жақты меңгеріп, тәжірибелік дағдыларын арттырды.
