Жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ ГИГИЕНА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

31 наурыз – 4 сәуір аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Цифрлық гигиена және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.
 Семинар барысында IT саласындағы заңнама, Data driven government тұжырымдамасын іске асыру, цифрлық гигиена туралы ақпарат берілді. Ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін алдын алу жолдары, қорғаныс құралдары мен технологияларымен танысу мүмкіндігі болды. Тыңдаушылар базалық деректерді талдап, ақпарат көздерімен жұмыс жасауды үйренді.
 Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда AI және басқа да цифрлық гигиена ақпараттық қауіпсіздігін енгізу туралы тәжірибе жинақталды. Цифрлық гигиена және ақпараттық қауіпсіздік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері, деректер негізінде басқару үрдісіндегі ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардағы ақпараттық қауіпсіздігін арттыру шарттары да талқыланды.
Аталған семинарда қатысушылар цифрлық әлемде өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын және жауапкершілікті жоғары деңгейде сақтауды үйреніп, бұл білімдерін жұмысында тиімді қолдануға мүмкіндік алды.