Жаңалықтар

ИНДЕР АУДАНЫНДА «ӘЙЕЛ – ҰЛТТЫҢ АЙНАСЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

2025 жылғы 28-30 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Индер ауданында «Әйел – ұлттың айнасы» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әйел адамдардың мансап жолымен ілгерілеуі үшін көшбасшылық, тұлғалық өсу, коммуникация құралдары мен технологияларын қолдану бойынша тәжірибелік дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту.

 Семинар барысында қатысушылар интеллект түрлерін танып, эмоцияларды басқарудың тиімді тәсілдерін меңгерді. Эмоционалды манипуляцияларға қарсы тұру және ішкі күйзелістерді бақылау жолдарын үйренді.

 Қатысушылар мемлекеттік қызметтегі заманауи әйел бейнесінің имиджі мен этикетіне байланысты дәрістер тыңдап, кәсіби даму мен тұлғалық өсу бағытындағы сабақтарға қатысты. Сонымен қатар, мотивацияны сақтау мен стратегиялық ойлау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған тренингтер өткізілді.

Семинарда қазіргі қоғамдағы әйел көшбасшылығының маңызы мен ерекшеліктері кеңінен талқыланып, тиімді қарым-қатынас орнату және қолдау көрсетудің негізгі әдістері қарастырылды.