View this post on Instagram ‼️Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына – 25 жыл ⠀ 📖Конституция латынның constitutio, «құрылым» деген сөзінен шыққанын білеміз. Конституция, Ата Заң бүгінде мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты. ☝️Конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары «құқықтар жөніндегі билль» деген атпен қабылданған. Ал, жазбаша конституция 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келіпті. Ал, Қазақстанда Конституция 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978 жылдары жазбаша түрде қабылданды десек те, дала кемеңгерлігіне сүйенген қазақ елі ежелден салт дәстүр, белігілі заң қағидаларын басшылыққа алған билер басшылығымен қоғамдық мәселелерін реттеп отырды. Сөз қадіріне жеткен қазақ халқы ежелден-ақ заңдарын тайға таңба басқандай жазып қолданып келді. ‼️⚜️Оған куә – тарихымыздағы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз-Тәукенің жеті жарғысы». 📣Баршаңызды 3️⃣0️⃣ тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 2️⃣5️⃣ жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. ⚜️Тәуелсіз еліміздің тірегі, бірлігі мен ынтымақтастығының мызғымас кепілі, азаматтығымыздың айшықты айғағы, халқымыз үшін маңызды мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге зор табыс тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!👏 🏢 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы. ⠀ #apakz #atyraufilial #25jyl A post shared by @ atyrau.apa.kz on Aug 29, 2020 at 2:22pm PDT
‼️Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына – 25 жыл ⠀ 📖Конституция латынның constitutio, «құрылым» деген сөзінен шыққанын білеміз. Конституция, Ата Заң бүгінде мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты. ☝️Конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары «құқықтар жөніндегі билль» деген атпен қабылданған. Ал, жазбаша конституция 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келіпті. Ал, Қазақстанда Конституция 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978 жылдары жазбаша түрде қабылданды десек те, дала кемеңгерлігіне сүйенген қазақ елі ежелден салт дәстүр, белігілі заң қағидаларын басшылыққа алған билер басшылығымен қоғамдық мәселелерін реттеп отырды. Сөз қадіріне жеткен қазақ халқы ежелден-ақ заңдарын тайға таңба басқандай жазып қолданып келді. ‼️⚜️Оған куә – тарихымыздағы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз-Тәукенің жеті жарғысы». 📣Баршаңызды 3️⃣0️⃣ тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 2️⃣5️⃣ жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. ⚜️Тәуелсіз еліміздің тірегі, бірлігі мен ынтымақтастығының мызғымас кепілі, азаматтығымыздың айшықты айғағы, халқымыз үшін маңызды мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге зор табыс тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!👏 🏢 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы. ⠀ #apakz #atyraufilial #25jyl
A post shared by @ atyrau.apa.kz on Aug 29, 2020 at 2:22pm PDT