Жаңалықтар

☝️Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы. (Ш.Айтматов) 📖Атырау облысы филиалының кезекті Development day «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне сәйкестендірілген ерекше күнге – Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналды.

View this post on Instagram

☝️Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы. (Ш.Айтматов) 📖Атырау облысы филиалының кезекті Development day «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне сәйкестендірілген ерекше күнге – Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналды. 👍⚜️Филиал ұжымы мен семинар тыңдаушыларымен бірлесе ұйымдастырылған «Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра» атты шара барысында Филиалдың жетекші сарапшысы Ғазизова Лаура Бауыржанқызы тарихи деректерге сүйене отырып, ой-талқы жүргізді. ‼️Шара барасында ✅Тілдің қоғамымызда алар орны; ✅Қазақстан халқы тілдері күнінің аталуы, бүгінде мереке күнінің өзгертілу жайы; ✅Қазақ тілінің шұрайлылығы, байлығы; ✅Ұлттық рух мәселелері қозғалды. 👍Development day қатысушылары әрқайсысы «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін мен қандай үлес қосып жүрмін және қандай үлес қоса аламын?» деген сұрақ төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті. ☝️Халқымыздың мұрасы, ұлттық белгіміздің мәртебесін көтеруге ат салысу – «елім» деген әрбір жанның міндеті деген пікірге ой тоғыстырды.💖 ⠀ #apakz #atyraufilial #Developmentday #Baitursynuly

A post shared by @ atyrau.apa.kz on