Жаңалықтар

🇰🇿 Латын графикасына көшу – рухани жаңғыру 📝 Латын әліпбиіне көшу – кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, зор жауапкершілікті қажет ететін игі іс.

View this post on Instagram

🇰🇿 Латын графикасына көшу – рухани жаңғыру 📝 Латын әліпбиіне көшу – кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, зор жауапкершілікті қажет ететін игі іс. ‼️Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің келешекте ел игілігіне алаңсыз қызмет ететін деңгейіне көтерілуіне мемлекеттік қызметшілердің де қосар үлесі зор болмақ. 📖 Бұл ретте Атырау филиалы ұйымдастырылған барлық қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларында тұрақты түрде латын графикасына негізделген ресми жазылым мәселелерін қамтыған дәрістер жүргізіліп келеді. 1️⃣4️⃣0️⃣8️⃣2️⃣0️⃣2️⃣0️⃣Біліктілік арттыру семинары тыңдаушылары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы «Латын негізді жаңа әліпби: құрылымы, ерекшелігі, жазылымы», «Латын графикасы негізіндегі ресми стильдің орфографиялық нормалары» тақырыптарында дәріс оқыды. Дәріс барысында ✅ Қазақ жазуының тарихы және латын графикасы негізді әліпбиге көшу мәселесі ✅ Латын графикасына негізделген әліпбидің ерекшеліктері; ✅ Жаңа емле құрылымындағы негізгі айырмашылықтар; ✅ Әріптердің, қысқарған, дефиспен жазылатын, т.б. сөздердің емлесі және қосымшалардың жалғану мәселелері қарастырылды. 📚✏Семинар тыңдаушыларына практикалық бағытта тапсырмалар беріліп, ресми жазылымдағы мәтіндермен жұмыстар жүргізілді. 👍Жеке, топтық жұмыстар мемлекеттік қызметшілердің латын әліпбиіне көшу дайындығын анықтап, білік-дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік жасады. ⠀ #apakz #atyraufilial #latyngrafikasy #uidebol

A post shared by @ atyrau.apa.kz on