View this post on Instagram 🏢Сәттілік серік болсын, үміткерлер! Адам баласының саналы қызметінің ең құдіреттісі – ішкі ерік-жігері. Жігерлі жандар ғана өз әлеуетін пайдаланып, жетістік тізгініне қол жеткізе алады. 🇰🇿ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратурасына оқуға үміткерлерлердің барлығы да алға қойған мақсаттары анық, болашақтары жарқын жандар. Биылғы жылы Атырау облысынан магистратураға құжат тапсырған 15 үміткердің таңдаған бағыттары бойынша ел дамуына қосам деген үлестеріне үмітіміз зор. Соның ішінде, 3 жыл қатарынан Академия магистратурасына оқуға түсуге талпыныс білдіріп келе жатқан өңіріміздегі Исатай ауданында шалғай орналасқан Қамысқала ауылдық округінің әкімі Тажиденова Рафигат Әнуарбекқызының да ерік-жігерін ерекше атап өткіміз келеді. Өзі әкімдік еткен 3 жылдың ішінде Рафигат Әнуарбекқызы ауыл тұрғындарының экономикалық-әлеуметтік жағдайын арттыруда жаңаша бетбұрыстар жасап келеді: – аудан орталығынан қашық орналасқан жерлестері үшін кәсіпкерлермен келісім жасап, апта сайын елді мекенде қолжетімді бағамен өз өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырып, ел тұрғындарының аудан орталығына барып келу қиындықтарын жеңілдетті, кәсіпкерліктің кеңірек дамуына қолдау етті; – Осы уақыт ішінде жеке кәсіпкерлерден түскен салық есебінен ауылдағы көпірлер мен саябақтарға, стадионға күн энергиясымен жарықтандырылатын шамдар орнаттырды; – Ауыл адамдарының белсенділігін арттырып, жастарды өз елді мекенінде қызмет ету бағытында жұмыстандырды; – Ауыл жастарының техникалық-кәсіби білім алып, жұмысқа тез арада кедергісіз орналасуы үшін ауыл округі әкімі мен Атырау қаласындағы «Көлік және коммуникация колледжі» арасында іскерлік байланыс орнатып, жыл сайын ауылдағы 2 жалпы білім беретін орта мектептерінің 9-11 сынып бітірген түлектерін оқуға орналастыруды тұрақтылыққа айналдырды. Бұл жетістіктердің тізбегі жалғасары сөзсіз. Елжанды, жаңашылдыққа құштар Рафиғат Әнуарбекқызы, Академиядан кәсіби біліктілігін арттырсам деген арман-тілегіңіз орындалсын! Барлық үміткерлер, таңдаған бағытарыңыз бойынша Академия магистратурасына оқуға түсіп, мақсат еткен биіктеріңізді бағындыруларыңызға тілектестік білдіреміз. #atyraufilial #apakz A post shared by @ atyrau.apa.kz on Jul 19, 2020 at 10:58pm PDT
🏢Сәттілік серік болсын, үміткерлер! Адам баласының саналы қызметінің ең құдіреттісі – ішкі ерік-жігері. Жігерлі жандар ғана өз әлеуетін пайдаланып, жетістік тізгініне қол жеткізе алады. 🇰🇿ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратурасына оқуға үміткерлерлердің барлығы да алға қойған мақсаттары анық, болашақтары жарқын жандар. Биылғы жылы Атырау облысынан магистратураға құжат тапсырған 15 үміткердің таңдаған бағыттары бойынша ел дамуына қосам деген үлестеріне үмітіміз зор. Соның ішінде, 3 жыл қатарынан Академия магистратурасына оқуға түсуге талпыныс білдіріп келе жатқан өңіріміздегі Исатай ауданында шалғай орналасқан Қамысқала ауылдық округінің әкімі Тажиденова Рафигат Әнуарбекқызының да ерік-жігерін ерекше атап өткіміз келеді. Өзі әкімдік еткен 3 жылдың ішінде Рафигат Әнуарбекқызы ауыл тұрғындарының экономикалық-әлеуметтік жағдайын арттыруда жаңаша бетбұрыстар жасап келеді: – аудан орталығынан қашық орналасқан жерлестері үшін кәсіпкерлермен келісім жасап, апта сайын елді мекенде қолжетімді бағамен өз өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырып, ел тұрғындарының аудан орталығына барып келу қиындықтарын жеңілдетті, кәсіпкерліктің кеңірек дамуына қолдау етті; – Осы уақыт ішінде жеке кәсіпкерлерден түскен салық есебінен ауылдағы көпірлер мен саябақтарға, стадионға күн энергиясымен жарықтандырылатын шамдар орнаттырды; – Ауыл адамдарының белсенділігін арттырып, жастарды өз елді мекенінде қызмет ету бағытында жұмыстандырды; – Ауыл жастарының техникалық-кәсіби білім алып, жұмысқа тез арада кедергісіз орналасуы үшін ауыл округі әкімі мен Атырау қаласындағы «Көлік және коммуникация колледжі» арасында іскерлік байланыс орнатып, жыл сайын ауылдағы 2 жалпы білім беретін орта мектептерінің 9-11 сынып бітірген түлектерін оқуға орналастыруды тұрақтылыққа айналдырды. Бұл жетістіктердің тізбегі жалғасары сөзсіз. Елжанды, жаңашылдыққа құштар Рафиғат Әнуарбекқызы, Академиядан кәсіби біліктілігін арттырсам деген арман-тілегіңіз орындалсын! Барлық үміткерлер, таңдаған бағытарыңыз бойынша Академия магистратурасына оқуға түсіп, мақсат еткен биіктеріңізді бағындыруларыңызға тілектестік білдіреміз. #atyraufilial #apakz
A post shared by @ atyrau.apa.kz on Jul 19, 2020 at 10:58pm PDT