Жаңалықтар

👋🏻Қайырлы күн! ✅Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдардың бірі ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі» атты халықаралық стандарты болып табылады, бұл стандарт сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

View this post on Instagram

👋🏻Қайырлы күн! ✅Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдардың бірі ISO 37001:2016 "Парақорлықпен күрес менеджмент жүйесі" атты халықаралық стандарты болып табылады, бұл стандарт сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. ⠀ 👉ISO 37001 стандарты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың озық халықаралық тәжірибелері негізінде әзірленді және Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) 2016 жылдың 15 қазанында жарияланған болатын. ⠀ 📝Стандарт ұйым ішінде парақорлықпен күрес жүйесін құру, енгізу, қолдау және жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды. Бұл стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы әрекет етуге бағытталған және келесі мәселелерді қарастырады: ▪️мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес сектордағы парақорлық; ️▪️ұйым тарапынан немесе оның атынан немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін ұйым қызметкерлері тарапынан парақорлық; ️▪️ұйымның атынан немесе оның мүддесі үшін әрекет ететін іскер серіктестері тарапынан парақорлық; ▪️ұйымдарды сатып алу; ️▪️ұйым қызметіне байланысты ұйым қызметкерлерін сатып алу; ️▪️ұйымның қызметіне байланысты ұйымның іскери серіктестерін сатып алу. ⠀ ISO 37001-де қамтылған нормалар жалпы сипатқа ие және оларды ұйымдар олардың түріне, меншік нысанына, мөлшеріне, қызмет саласына немесе ұлттық юрисдикцияға қарамастан қолдана алады. ⠀ 🌐Әлемдегі ең ірі компаниялар осы стандарт бойынша халықаралық сертификатқа ие (Microsoft, Walmart, Sberbank және т.б.). Мемлекеттік сектор ұйымдары да осы стандартты өз қызметіне енгізу үстінде. ⠀ ✔️Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы алғашқылардың бірі болып еліміздегі парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесінің ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін енгізген және табысты растаған мемлекеттік ұйымдардың бірі. ⠀ 📞Стандартқа қатысты қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөмірлеріне хабарлассаңыз болады: +77752489773, +7775 7650644

A post shared by @ atyrau.apa.kz on