Жаңалықтар

👋🏻Қайырлы күн! 💼ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының қызметінің жаңа бағыттарының бірі – ұйымдарға ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйелерін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға дайындаумен байланысты консалтингтік қызметтер көрсету.

View this post on Instagram

👋🏻Қайырлы күн! 💼ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының қызметінің жаңа бағыттарының бірі – ұйымдарға ISO 37001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйелерін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға дайындаумен байланысты консалтингтік қызметтер көрсету. ⠀ 👩🏻‍🏫ISO 37001 стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу – күрделі және көп уақытты қажет ететін процесс. 20 жоғары білікті сарапшылардан тұратын Академия командасы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында жоғары практикалық жұмыс тәжірибесіне ие, PECB Group Int халықаралық компаниясында оқудан өтті (Канада) және "ISO 37001:2016 әзірлеу және енгізу бойынша сертификатталған маман" атты біліктілік алды. ⠀ 📑Мамандар қолданатын арнайы бағдарламалар кез-келген қызмет саласы мен меншік нысанындағы ұйымдарға парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу процестерін жеңілдетуге және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. ⠀ 📚Сонымен қатар, Академия сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент саласындағы білім мен дағдыларды кеңейтуге көмектесетін оқу курстарын ұсынады. Тыңдаушылар оқу материалдарымен қамтамасыз етіледі, көрнекі құралдар көрсетіліп, практикалық сабақтар өткізіледі. Бұл өз кезегінде жұмыс барысында білімді қолданудың практикалық дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. ⠀ 📞Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласуларыңызға болады +77752489773, +7 7757650644

A post shared by @ atyrau.apa.kz on