👩🏻🏫Жоғары буынның 50 басшысы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында “Жаңа формациядағы басшы” бірегей бағдарламасы бойынша білім алуды жалғастыруда. Курс тыңдаушыларының арасында вице-министрлер, облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім басшылары, сондай-ақ Президент жастар кадр резервінің резервистері де бар.