Жаңалықтар

📖🔍ТАНЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАСТЫҒЫ ⠀ 👩‍💼Атырау облысы филиалында жергілікті және орталық мемлекеттік органдары қызметкерлерінің тәжірибелік құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуды мақсат еткен «Қаржы есептілік аудиті» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинары өтуде.

View this post on Instagram

📖🔍ТАНЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАСТЫҒЫ ⠀ 👩‍💼Атырау облысы филиалында жергілікті және орталық мемлекеттік органдары қызметкерлерінің тәжірибелік құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуды мақсат еткен «Қаржы есептілік аудиті» тақырыбындағы біліктілік арттыру семинары өтуде. 🏢Семинар барысында дәріс берген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының тәуелсіз аудиторы Шарипов Асқар Қалиұлы, Қазақстан Республикасының тәуелсіз аудиторы Абишов Бауыржан Өмірзақұлы әр тыңдаушының тақырыпқа сай кәсібилігін арттыруда теория мен практиканы сабақтастыра отырып, жан-жақты ақпараттарды қамтыды.👍 ✅ Қазақстан Республикасының қаржылық есептілік аудиті саласындағы нормативтік құқықтық актілер; ✅ Ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыру, жоспарлау; ✅Аудит объектісінің қызметін зерделеу; ✅ Аудит объектісінің бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін айқындау бағыттары; ✅ Аудиторлық тәуекелді бағалау; ✅ Аудит жоспары мен бағдарламасын қалыптастыру ✅ Қаржылық есептіліктің ішкі мемлекеттік аудитін орындау, т.б тақырыптар турасында пікір алмасты. 🧮📊Мемлекеттік қызметшілер аудит мәселесіне қатысты мәселелерді талқылап, есептер шығарып, жұптық, топтық тапсырмаларды орындады. 🤝Атырау филиалы таным-біліктерімен, бай тәжірибелерімен бөліскен әріптестеріміз Асқар Қалиұлы мен Бауыржан Өмірзақұлына ризашылық білдіріп, жетістіктер тілейді.👍 ⠀ #apakz #atyraufilial #audit #seminar

A post shared by @ atyrau.apa.kz on