Жаңалықтар

🔈Құрметті Мемлекеттік басқару Академиясына оқуға түскен болашақ магистранттар, докторанттар!

View this post on Instagram

🔈Құрметті Мемлекеттік басқару Академиясына оқуға түскен болашақ магистранттар, докторанттар! ⠀ 👇Академиялық ортаның бір мүшесі болғандықтан, оқу барысында сіз келесідей құқықтарға ие бола аласыз: ✔️оқыту барысында туындайтын кез келген мәселелер бойынша түсіндірме ақпарат алуға; ✔️академияның зерттеу немесе қоғамдық қызметіне қатысуға, ✔️оқу және ғылыми әдебиеттер қорын, интернет-ресурстарды еркін пайдалануға; ✔️ПОҚ жұмысының сапасын бағалауды қалыптастыруға қатысуға. ⠀ 🔽Сондай-ақ, келесідей мүмкіндіктер Сіз үшін қолжетімді болмақ: 1️⃣АҚПАРАТТЫҚ-РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ. Академияның оқу процесі ақпараттық-ресурстық орталықтың ақпараттық – әдістемелік ресурстарымен, оқу-әдістемелік материалдармен, қамтамасыз етіледі. 📲Орталық сайтында электрондық кітаптарға, ресурстарға және халықаралық дерекқорларға қолжетімділік беріледі. ‼️Кітаптарды онлайн түрде алу үшін: https://www.apa.kz/ru/biblioteka-2/ ⠀ 2️⃣ТЕГІН wi-fi. Академияның бүкіл оқу кеңістігінде тегін wifi арқылы интернет желісіне еркін түрде қосыла аласыз. ⠀ 3️⃣КОРПОРАТИВТІК ПОШТА: Академияға түсу кезінде әрбір білім алушы үшін @apa.kz домені негізінде жеке пошта ашылады. Корпоративтік пошта оқуға және өзге де сұрақтарға байланысты кез-келген хат-хабарлар үшін қолданылады. Корпоративтік поштаның логиндері мен парольдері сізге жеке поштаға жіберілді, академиядан тиісті ақпарат алу үшін, оны іске қосу керек. 📞Парольді ұмытып қалған жағдайда, келесі нөмірлерге хабарласуға 8 7172 75 33 95; 8 7172 75 34 43, ЦЦТ 75-31-55 немесе ast_cit@apa.kz электрондық поштасы арқылы цифрлық технологиялар орталығынан толық қалпына келтіруге болады. 📩Корпоративтік поштаға кіру үшін сілтеме бойынша өту керек https://mail.apa.kz/owa/. ⠀ 4️⃣Office 365 КОРПОРАТИВТІК ПОРТАЛЫ. Мұнда тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өту қажет: https://www.office.com. Корпоративтік пошта логины мен пароль – your.name@apa.kz ⠀ 👇Өз кезегінде Академия сізден: ✔️академиялық адалдықты сақтау; ✔️жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу; ✔️сабаққа үнемі қатысу және белгіленген мерзімде тапсырмалардың барлық түрлерін орындау; ✔️Академияның беделін нығайтуға және оның оң имиджін таратуға жәрдемдесу;

A post shared by @ atyrau.apa.kz on