Жаңалықтар

🥳КОНКУРС!!! ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты үздік эссе байқауын жариялайды!

View this post on Instagram

🥳КОНКУРС!!! ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Қазақстанның даму стратегиясы» атты үздік эссе байқауын жариялайды! ⠀ 🎯БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ – Қазақстан Республикасының әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы бойынша мемлекет дамуының стратегиялық басымдықтарын жүзеге асыру үшін жаңа идеяларды іздестіру ⠀ 🔴БАЙҚАУ КЕЛЕСІ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ӨТЕДІ: 🔸Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың тиімді үлгісін құру 🔸Әлеуметтік жаңғыру, демография, адами капитал, еңбек және еңбек қатынастарының нарығы саласындағы зерттеулер 🔸Мемлекеттік қызметшілердің ақпараттандырылуын кеңейту арқылы тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) индикаторларына жетуге ықпалдасу ⠀ 🔴БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ: 🔹Байқауға 40 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметшілер қатыса алады 🔹Әрбір үміткер тек бір ғана өтініш бере алады ⠀ 🔴БАЙҚАУ 3 КЕЗЕҢНЕН ТҰРАДЫ: 1️⃣аймақтық 2️⃣республикалық (эсселерді сырттай іріктеу және жеңімпаздарды жариялау); 3️⃣байқау аяқталған соң жеңімпаздар (1,2,3-орын) ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өткізетін тренингтерге қатысып, білім алудың бірегей мүмкіндігіне ие болады. ⠀ 🔴ЭССЕНІ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ: ➡️А4 форматындағы мәтін; жол жиегі: сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см, жоғары және төменгі жақтары – 2 см, қаріп Times New Roman, шрифт – 14; аралық интервал – 1,2. ➡️Эссенің құрылымы: – титул беті – байқау қатысушысы туралы мәлімет – кіріспе – жұмыстың негізгі бөлімі – қорытынды -әдебиетер тізімі ➡️Эссе мемлекеттік/орыс немесе ағылшын тілде ұсынылады. ⠀ 🔴ЭССЕНІ БАҒАЛАУДА ЕСКЕРІЛЕТІН КРИТЕРИЙЛЕР: ▪️тақырыптың өзектілігі ▪️эссе мазмұнының Байқау тақырыбына сәйкестік деңгейі ▪️ғылыми жаңашылдығы ▪️қойылған міндеттерді шешудегі бірегей авторлық тәсілдеме ▪️тәжірибелік бағытталуы ⠀ 🔴БАЙҚАУ ҚҰЖАТТАРЫ: 1) байқауға қатысуға өтініш –электрондық нұсқа 2) word немесе pdf форматындағы эссе (әдебиеттер тізімін ескермегенде 500 сөзден аспауы тиіс) 📌Эссені k.nurbek@apa.kz электрондық поштасына жіберу қажет (байқаудың менеджері – Құралай Нұрбек). ⠀ ‼️Байқау онлайн форматта өткізіледі. ⠀ 🔴ЭССЕНІ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 20.05 – 05.06.2020 дейін ⬇️⬇️⬇️

A post shared by @ atyrau.apa.kz on