Жаңалықтар

‼️«Мемлекеттік қызметшілердің тұтынушыға бағдарланған мінез-құлқын қалыптастыру» ✅2020 жылғы 18 мамырда осындай өзекті тақырыпта ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында zoom платформасымен жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне арналған біліктілік арттыру семинары басталды.

View this post on Instagram

‼️«Мемлекеттік қызметшілердің тұтынушыға бағдарланған мінез-құлқын қалыптастыру» ✅2020 жылғы 18 мамырда осындай өзекті тақырыпта ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында zoom платформасымен жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне арналған біліктілік арттыру семинары басталды. ✅ Мемлекеттік қызметшілердің заманауи ойлауын, тұтынушыға бағдарланған мінез-құлық дағдыларын және өз қызметін бағдарлау бойынша тәжірибелік құзыреттіліктерін арттыруды басты мақсат еткен біліктілік арттыру семинарының алғашқы дәрісін «Тренинг және ұйымдастыру психологиясы» орталығының басшысы, бизнес тренер, коуч Мустафин Ерлан жүргізді. Тренинг барысында әр тыңдаушы өз есімін қоғамда алар орны мен мінез-құлқымен сәйкестендіру арқылы сипаттама беріп, әріптестерімен танысты, қызмет бабындағы мақсаттарын айқындады. Соның ішінде тұтынушыға бағытталу, тұтынушыға сапалы қызмет көрсету деген ұғымдарға сессиялық залдарға бөліну арқылы топтық пікірлерін ортаға салып, төмендегі мәселелерді бірлесе талқылады: ✅Тұтынушыға бағдарланған көзқарастың идеологиясы ✅Тұтынушы үміттері мен қажеттіліктері ✅Тұтынушылық бағдар факторлары ✅Тұтынушыға бағытталған философия ✅Тұтынушы тәжірибесі ✅ Тұтынушы тәжірибесін басқару әдістері 📖 Күнделікті тұрмыста тұтынушы ретінде жағымды, жағымсыз сервистертерге мысалдар келтіре отырып, өз қызметтерінде нәтиже, үрдіс, тиімді қарым-қатынастарды теңдей ұстау қажеттіліктеріне қатысты пікіралмасты. 👍 Бейнематериалдарды қарай отырып, тыңдаушылар тұтынушыға бағдарланған мінез-құлық және қажеттіліктерді қанағаттандыру, ақпаратты алушыға қолжетімді, түсінікті жеткізу бойынша құзіреттілік деңгейін арттыра түсті және ішкі ой-пікірлеріне қозғау салған коуч Мустафин Ерланға өз ризашылықтарын білдірді. ‼️Семинар бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының профессоры, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының PhD докторы Муксимов Салауат Сыйлыба

A post shared by @ atyrau.apa.kz on