Жаңалықтар

‼️Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Рысбекова Жанар Қасымбекқызы Атырау облысы Филиалында ☝️«Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық».

View this post on Instagram

‼️Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Рысбекова Жанар Қасымбекқызы Атырау облысы Филиалында ☝️«Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық». Қазақстан Респубикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаев ✅Атырау облысы филиалында zoom платформасында әр мемлекеттік қызметшілердің бойына парасаттылық, қызмет тұтынушыға қолайлылық және ақпараттандыру, жүйелі түрде басқару, жауапкершілік құзыреттіліктерін дамытуды басты назарға ұстанған «Мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өз жұмысын жалғастыруда. 📖Ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету менеджменті жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім кешенін қалыптастыру мақсатындағы семинар барысында ✅ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты; ✅ ISO 37001 халықаралық стандартының негізгі қағидалары мен құрылымы; ✅ ISO 37001 енгізуді жоспарлау; ✅ ISO 37001 енгізу; ✅ Ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін сүйемелдеу және жақсарту; ✅ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және т.б тақырыптар қарастырылуда. Тыңдаушының жеке тұлға ретінде де, мемлекетік қызметші ретінде де қоғам алдындағы жауапкершілігіне ой салған мәселелерді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Рысбекова Жанар Қасымбекқызы өз дәрістерінде кеңінен қозғады.

A post shared by @ atyrau.apa.kz on