Жаңалықтар

🇰🇿Бүгін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасымен қолжетімділігі – бизнесті дамытудың маңызды шарты» тақырыбындағы бизнес қауымдастығының қатысуымен онлайн-кездесу өткізілді.

View this post on Instagram

🇰🇿Бүгін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасымен қолжетімділігі – бизнесті дамытудың маңызды шарты» тақырыбындағы бизнес қауымдастығының қатысуымен онлайн-кездесу өткізілді. ⠀ 🔷Бұл ретте, онлайн-кездесу өткізудің басты мақсаттарының бірі – қызмет алушы кәсіпкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныс-пікірлерін және осы осы саладағы проблемалық мәселелерді анықтау сондай-ақ, шешу жолдарын қарастыру болып табылады. ⠀ 🔷Онлайн-кездесуге облыстық басқарма басшылары, екінші деңгедейдегі банк өкілдері, кәсіпкерлік ұйымдарының басшылары және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының мемлекеттiк әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаукурсының тыңдаушыларыда қатысты. ⠀ 🔷Бизнес қауымдастығымен өткізілген онлайн-кездесу барысында күн тәртіне сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысының орынбасары А.Мамытпен, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н.Шавалиевамен және Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Н.Жұмаситовпен баяндама жасалды. ⠀ 🔷Қойылған сұрақтардың басым бөлігі «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде берілетін қайтарымсыз гранттар және кәсіпкерлік мақсатта берілетін жер учаскелеріне қатысты болды. Жиналыс қорытындысымен бизнес өкілдерімен онлайн-кездесу барысында айтылған ұсыныс пікірлер Департаменттің басты назарында болатындығы кәсіпкерлер назарларына ұсынылып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуға шақырды.

A post shared by @ atyrau.apa.kz on