Жаңалықтар

🇰🇿Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының 2020 жылғы жұмыс жоспарына сай «Академиямен» кәсіби өсуге бір қадам алға» Өңіріміздегі Академия түлектері тақырыбындағы кезекті #DevelopmentDay жұмысы сәтті өтті.

View this post on Instagram

🇰🇿Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының 2020 жылғы жұмыс жоспарына сай «Академиямен» кәсіби өсуге бір қадам алға» Өңіріміздегі Академия түлектері тақырыбындағы кезекті #DevelopmentDay жұмысы сәтті өтті. ⠀ Филиал директоры Нұртілеуова Жанна Асылбекқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны екенін, сонымен қатар Академиядағы мемлекеттік қызметшілер үшін 🎓магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын таныстырды. ⠀ Әлеуеті бар Академия кәсіби қызметтегі мемлекеттік қызметшілер зияткерлік әлеуетін жетілдіру мен мемлекеттік қызметшілердің «болашақ форматын» қалыптастыруға бағытталған. ⠀ Ширек ғасырға жуық мерзім ішінде тиімді көшбасшылық пен басқарушылардың зияткерлік платформасы ретінде қызмет етіп келе жатқан Мемлекеттік басқару Академиясы – мемлекет пен қоғам дамуына белсенді атсалысатын, жаңаша тұрғыда ойлай алатын еліміздің игілігі мен болашағы үшін қызмет ететін білікті мамандардан құралған кадр даярлап шығады. ⠀ Бүгінгі ұйымдастырылып отырған DEVELOPMENT DAY жұмысына Өңіріміздегі Академия түлектері қатысты. ⠀ ✅Муксимов Салауат Сыйлыбайұлы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының PhD докторы ⠀ ✅Қаражанов Жұмабек Байрақбайұлы – Атырау қаласы әкімінің орынбасары, экономика және бизнес магистрі ⠀ ✅Сарманов Нұрболат Әлібекұлы – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі ⠀ ✅Айнамакумов Азамат Мақсотұлы – Атырау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі ⠀ ✅Қартабаева Шолпан Мақсотқызы – Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық округы аппарат бас маманы, Адами ресурстарды басқару мамандығы бойынша магистратурада оқиды ⠀ ✅Абылхасанова Наргиза Ержанқызы – Атырау қаласы әкімі ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетуді бақылау бөлімінің бас маманы

A post shared by @ atyrau.apa.kz on